Мектеп туралы

МЕКТЕП ТАРИХЫ

Білімді дамыту “БЭСТ” Қоғамдық қоры
БД «БЭСТ» ҚҚ мектебі

2011 жылдың 4 наурыздағы АА-5 сериялы № 0162517 мемлекеттік лицензия


БД «БЭСТ» ҚҚ мектебі білімді дамыту «БЭСТ» Қоғамдық қорының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «БЭСТ» мектебі мұғалімдер тобының бастамасымен 1992 жылдың маусым айында құрылды. 1996 жылдан бастап мектеп ЮНЕСКО-ныңҚауымдасқан мектебі деп саналып келеді. 2000 жылы «Choice of the year in Kazakhstan» республикалық фестиваль-конкурсының жеңімпазы атанып "Қазақстандағы 2000 жылғы №1 мектебі" болып танылды.

     Қор және мектеп басшылығы Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша тәжірибелі дайындықтан өткен. Мектеп мұғалімдерінің 85%-ы жоғары және бірінші санатты, 36%-ында екі педагогикалық білімдері бар, 12% - ы магистрлер. Мектеп мұғалімдері халықаралық тәжірибені белсенді зерттей отырып, оқу-әдістемелік жұмыстарына енгізіп отырады. Мектебіміздің көптеген мұғалімдері Англия, Австрия, Германия, Израиль, Финляндия, Швейцария, Оңтүстік Корея, Ресейдегі семинарлар мен тренингтерге қатысқан.

     Мектеп ғимараты Алматы қаласының орталығында 0,79 га аумақта орналасқан. Мектеп ауласында екі оқу ғимараты және спортзал ғимараты бар. Мектебіміз арнайы күзетпен қорғалады. Мектеп ауласы жасыл желектермен безендірілген және мектеп тәулік бойы бейнебақылауда қадағаланады. Мектеп ауласына электронды рұқсаттама арқылы кіргізу жүргізіледі. Мектеп ауласында арнайы жабдықтармен жабдықталған спорт, футбол және ойын алаңдары бар. Мектепте оқыту тілі 0-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін МЖМБС сәйкес орыс тілінде жүргізіледі.