Мектеп туралы
ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепте оқыту тілі 0-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін МЖМБС сәйкес орыс тілінде жүргізіледі.
Негізгі мектеп (бастауыш білім беру)
Мектепке дейінгі сыныпқа алты жасқа толған балалар қабылданады. Ағылшын тілінде оқыту 0 сыныптан басталады.Бастауыш сыныптардың толымдылығы 20 оқушыдан тұрады. Әр сыныпқа 100-110 шаршы метрден тұратын оқу кабинеті, ойын бөлмесі, киім ауыстыратын бөлмелері және дәретханасына бар арнайы орын бөлінген.
Сыныптардың толымдылығы 13 оқушыдан аспайды. Оқу кабинеттері ауданы 35 шаршы метрден бастап 70 шаршы метрге дейін тұрады. Ағылшын тілі күн сайын жүргізіледі. 5-сыныптан бастап ғылыми жобаларды, ал 8-сыныпта театрлық жобалар дайындау жүргізіледі.
Жалпы орта білім беру кезеңі
жоғары мектеп (10-11 сыныптар)
Жоғары сынып мектебі арнайы аумақта орналасқан екіқабатты, қажетті оқу жабдықтарымен жабдықталған ғимаратта орналасқан. Жоғары сыныпта пәндерді оқыту жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жүргізіледі. Оқыту түрі: жеке-топтық. Оқу тобында 7 оқушыдан аспайды. Жоғары сынып мектебінде элективті курстар, атап айтқанда A-level ағылшын тілі, статистика, математика пәндері (арнайы оқулықтары бар) және шетел ЖОО мен колледждердің талаптарына сай презентация жасау, эссе жазу бойынша арнайы сабақтар жүргізіледі. Сонымен қатар мектепте ағылшын тілін оқыту IELTS халықаралық ағылшын тілін меңгеру емтиханы талаптарына сәйкес «Оқылым», «Жазылым», «Тыңдалым», «Айтылым» бөлімдері бойынша оқытылады.