Оқушылар мен ата-аналарға

«БЭСТ» мектебінің қызмет ережелері

I. Жалпы ережелер

1.1. Мектеп білімді дамытудың «БЭСТ» қоғамдық қорының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 1996 жылдан бері мектеп «БЭСТ» ЮНЕСКО қауымдасқан мектебі» деп ресми аталып келеді, қысқаша атауы – «БЭСТ» ЮҚМ.


1.2. Өз қызметінде мектеп Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, бала құқықтары туралы Конвенцияны, адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясын басшылыққа алады.

II. Мектептің мақсаты

2.1. Қазақстан Республикасының парасатты, денсаулығы мықты, рухани дамыған азаматтарын қалыптастыру, жылдам өзгергіш әлемде табысқа жеткізетін білім алудағы қажеттіліктерді қанағаттандыру, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаларды дамыту.

III. Мектептің құрылымы, білім процесі

3.1. Мектеп сыныптары 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалардан құралады. Сыныптағы ең көп бала саны – 20 адам.


3.2. Мектеп үш саты бойынша білім береді:
1-саты – бастауыш білім;
2-саты – негізгі орта білім;
3-саты – жалпы орта білім.

3.3. Мектептегі білім беру процесі жұмыс оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен және сабақ кестесімен реттеледі.
Білім берудің маңызы МЖМБС сәйкес әзірленген және жүзеге асырылатын жұмыс оқу бағдарламаларымен және жұмыс жоспарларымен анықталады.

3.4. Оқу-тәрбиелеу процесін дамыту, жетілдіру, мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық дамуын арттыру мақсатында мектепте педагогикалық қызметкерлерді біріктіретін ұжым органы – педагогикалық кеңес жұмыс істейді.
Педкеңес:

  • білім беру маңызының түрлі үлгілерін (оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды), оқу-тәрбиелеу процесінің нысандары мен әдістерін, оларды жүзеге асыру тәсілдерін талқылап, анықтайды;
  • педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, шығармашылық бастамашылығын дамыту, алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату бойынша жұмыс ұйымдастырады;
  • педагогтардың кәсіби қызметінің барлық мәселелері бойынша шешім қабылдайды.

3.5. Оқушыларға педагогикалық талаптар қою мен отбасына балаларды тәрбиелеуге, білім алуына көмек көрсетудің бірлігін қамтамасыз ету үшін мектепте қоғамдық өзін-өзі басқару органдары құрылады.

3.6. Мектеп бес күндік оқу аптасы режимінде жұмыс істейді. Сенбі мұғалімдерге әдістемелік күн болып саналады. Оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы, кезектілігі сабақ кестесімен анықталады. Сабақтар арасындағы үзіліс ұзақтығы оқушылардың белсенді демалысы мен ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру қажеттілігі есепке алына отырып белгіленеді. Мектепте 0-4-сынып оқушылары үшін сабақтан кейінгі дайындық топтар жұмыс жасайды. Сабақ сағат - 8.30 басталады.

3.7. МЖБС – н толық орындау мақсатында сенбі күндері үстіміздегі аптада объективті себептермен (мереке күндері, демалыс күндерін ресми ауыстыру және т.б.) жүргізілмей қалған сабақтар бойынша оқу сабақтары жүргізіледі. Және де сенбі күні факультативтер, түзету сабақтары, үйірмелер жұмыс жасайды.

3.8. Мектептегі оқу сабақтары 1 қыркүйектен басталып, 25 мамырда аяқталады. Бастауыш мектептердегі оқу жылының ұзақтығы – 33 оқу аптасы, 5-11 сыныптарда – 34 оқу аптасы. Оқу жылындағы каникул ұзақтығы – кем дегенде 30 күнтізбелік күн, жазда – кем дегенде 10 апта. Күзгі, қысқы және көктемгі каникул басталатын мерзім және ұзақтығы жыл сайын анықталып отырады.
0-1 сыныптарда үшінші тоқсанның ортасында қосымша каникул аптасы еңгізіледі.

IV. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Оқушылар құқылы:
  • білім алуда белсенділік танытуға, мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана білуге;
  • жеке пікірін білдіруге, азаматтық және қоғамдық бастама көтеруге;
  • мүддесі мен құқықтарын қорғауға;
  • мүмкіндіктеріне сәйкес конкурстарда, жарыстарда, олимпиадаларда, басқа да шараларда мектепті танытуға;
  • сабақтардың арасындағы үзілістерде және каникул кезеңінде демалуға;
  • сабақтарға, соның ішінде емхананың медициналық анықтама қағазы болған жағдайда дене шынықтыру сабақтарына қатыспауға;
  • мектеп телефонынан қалалық және ұялы телефондарға ата-анасына, отбасы өкілдеріне қоңырау шалуға.
4.2. Мектеп оқушылары міндетті:
  • мектептің қызмет Ережелерін орындауға;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары көлемінде білім алуға, машықтануға, тәжірибе жинауға;
  • оқу сабақтарына көп рет қатыспаған жағдайда және мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша каникул уақытында қосымша оқу курстарына қатысуға;
  • өз-өзін рухани жетілдіруге және денесін шынықтыруға;
  • сабаққа кешікпей және мектепте белгіленген мектеп формасында келуге;- санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға, соның ішінде тырнақтары қысқа кесілген, шашы таралған, ұзын шаш өрілген күйінде келуге;
  • қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтауға;
  • мектеп аумағына кірерде және шығарда электрондық өту рұқсатын пайдалануға;
  • мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, мектептің ішінде және мектеп ауласында тазалық сақтауға;
  • жеке заттарына ұқыптылықпен қарауға, олардың сақталуы үшін жауапкершілік көтеруге;
  • мектептің атына кір келтірмеуге, мектепте және одан тыс жерде беделін арттыруға;
  • мұғалімдердің талаптарын, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының қаулыларын орындауға;
  • қоғамда өмір сүру ережелерін орындауға, атап алғанда:
    • басқа оқушылар мен қызметкерлердің ары мен беделін сыйлауға;
    • үлкендерді құрметтеуге, кішілерге ізет көрсетуге;
    • басқа адамдардың нанымына, көзқарасына сыйластықпен қарауға;
    • жеке тұлғалардың құқықтарын сыйлауға;
    • дөрекі болмауға, әдепсіздік танытпауға;
    • денсаулығы, меншікті өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі туралы ойлауға.
4.3. Оқушыларға тыйым салынады:
  • мектеп аумағында ұялы телефондарды және электрондық аппаратураны қолдануға (қосылған ұялы телефон пайдаланылатынға теңестіріледі);
  • алкогольдік және энергетикалық сусындарды, темекі, есірткі заттарын әкелуге және қолдануға;
  • білім алу барысында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіретін кез келген заттарды (соның ішінде кеңсе пышақтарын) және бұйымдарды әкелуге және пайдалануға;
  • сабаққа азық-түлік және сағыз әкелуге;
  • мектепке қымбат заттар мен ақша әкелуге (мектеп әкімшілігі олардың сақталуы үшін жауапкершілік көтермейді);
  • үйге жалғыз кету құқығын растайтын рұқсатсыз немесе мектеп әкімшілігінің немесе меджұмыскерлердің ерекше рұқсатынсыз мектеп аумағынан шығуға;
  • ауызша және жазбаша түрде жаман сөздерді қолдануға, балағаттауға;
  • карта және басқа да құмар ойындарын ойнауға;
  • қатынастарды анықтау үшін күш қолдануға;
  • айналасындағыларға моральдық зиян келтіруге және денсаулығына денесін жарақаттауға;
  • қорқытып-үркітуге;
  • күштеп тартып алуға.

V. «БЭСТ» мектебінің қызмет ережелерін бұзу
үшін жазалау шаралары

5.1. Осы Ережелердің 4.3 тармағының талаптарын оқушылардың қайталап бұзуын ата-аналарға хабарлау және ескерту үшін ата-аналарға келесі тәртіпте жазбаша хабарламалар жіберіледі:
  1. Сынып жетекшісінің қолы қойылған хабарлама;
  2. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының қолы қойылған хабарлама;
  3. Мектеп директорының қолы қойылған хабарлама;
  4. Қор директорының қолы қойылған хабарлама.
Барлық хабарламалар оларды тіркеу журналында тіркеледі.
Мектеп қызметінің ережелерін бұдан кейін де бұзған жағдайда оқушының тәртібі туралы мәселе ата-анасы шақырылып, педагогикалық кеңес отырысында қарастырылады. Педкеңестің шешімі ата-анасына мектеп директорының қолы қойылған хабарлама түрінде жеткізіледі.
Педкеңес оқушыны шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда ол ақырғы шешім қабылдау туралы БД «БЭСТ» ҚҚ Қамқорлық кеңесіне жүгінеді.

VI. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

6.1. Ата-аналар құқылы:
  • мектептің өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға;
  • өз баласының үлгеріміне, тәртібіне, оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
  • баласының мүддесі мен құқықтарын қорғауға;
  • баласын басқа мектепке ауыстыруға.
6.2. Ата-аналар міндетті:
  • Мектеп қызметінің ережелерін және мектеп жұмысының режимін сақтауға;
  • балаларына өмір сүру және оқу үшін қауіпсіз, денсаулығына зиян келтірмейтін жағдайлар жасауға, зияткерлік және дене шынықтыру, рухани қалыптасу мүмкіндіктерін дамытуға;
  • баланың білім және тәрбие алуы үшін мектепте көмектесуге;
  • баланың мектепке келуін қамтамасыз етуге, бала сабақтан (соның ішінде дене шынықтыру сабағынан) қалған жағдайда емханадан медициналық анықтама қағазын алуға;
  • балаға міндетті алдын алу егулер салудан бас тартқан жағдайда меджазу туралы құжатты немесе директордың атына алдын алу егулерінен жазбаша бас тарту беруге;
  • баланың сынып жетекшісімен хабарласып тұруға, апта сайын баланың күнделігін тексеріп тұруға, осының растамасы ретінде оған қолын қоюға;
  • ата-аналар жиналысына қатысуға, тоқсан сайын баланың үлгерім табеліне қолын қоюға;
  • мектептің дәстүрлері мен беделін қолдауға;
  • мектептің педагогикалық және басқа қызметкерлерінің атағы мен беделін сыйлауға;
  • баланың әрекеттерінен мектепке келтірілген шығынды (мүлікті, жабдықтарды бүлдіру) өтеуге;
  • мектепке жақын аумақта жолда жүру ережелерін сақтауға, жазатайым оқиғалардан аулақ болу үшін мектеп аумағына кірерде машинаны тұраққа қоймауға;
  • балаларды тасымалдайтын тұлғалардың мектепке жақын аумақта жол жүру ережелерін сақтауын қамтамасыз етуге, жазатайым оқиғалардан аулақ болу үшін мектеп аумағына кірерде машинаны тұраққа қоймауға;
  • баланың электронды рұқсаты немесе эскорты жоғалып немесе бүлініп қалған жағдайда қауіпсіздік мақсатында бірден бұл туралы бухгалтерияға хабарлап, өз есебінен жаңа электрондық рұқсатты сатып алуға.
6.3. Мектепке қабылданғанда оқушы мен ата-анасы осы Мектептің қызмет Ережелерімен танысып шығуға тиіс.

VII. Педагогтардың құқықтары мен міндеттері

7.1. Педагогикалық қызметкерлер құқылы:
  • мектепті басқаратын алқалық органдардың жұмысына қатысуға;
  • педагогикалық қызметті ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін еркін таңдауға, бірақ білімнің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын сақтауға тиіс;
  • кәсіби беделін, абыройын қорғауға, оқушылардың, ата-аналарының, әріптестерінің, мектеп қызметкерлерінің сыпайы қарым-қатынасына;
  • қызмет нәтижелері бойынша моральдық және материалдық ынталандыру алуға;
  • біліктілігін арттыруға.
7.2. Педагогикалық қызметкерлер міндетті:
  • Мектеп қызметінің Ережелерін, Ішкі еңбек тәртібінің Ережелерін сақтауға;
  • кәсіби құзырет аясында білім берудің тиісті теориялық және тәжірибелік білім мен машықтарын игеруге;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес беретін білім қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
  • оқушыларды жоғары адамгершілік, ата-аналарын, этномәдени құндылықтарымызды сыйлау, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау рухында тәрбиелеуге;
  • оқушылардың бойында өмірге қажетті машықтар, құзырет, дербестік, шығармашылық қабілеттерді дамытуға;
  • кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіруге;
  • бес жылда кем дегенде бір рет аттестациядан өтуге;
  • педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға;
  • оқушылар мен ата-аналардың беделі мен абыройын құрметтеуге.
7.3. Педагогикалық қызметкерлерге тыйым салынады:
  • оқушылар мен ата-аналардың оқушылардың оқу-тәрбиелеу қызметі туралы уақтылы және толық ақпарат алу құқығын бұзуға;
  • оқушылардың білім алу құқығын бұзуға;
  • ата-аналарға оқу-тәрбиелеу процесіне қатысты емес жеке мәселелермен ата-аналардан көмек сұрауға;
  • сабақ кезінде басқа істермен айналысуға, ата-аналармен келіссөздер жүргізуге;
  • оқу кезінде мектеп оқушыларға репетиторлық қызмет көрсетуге.
7.4. Директор ата-аналардың арасынан сынып жетекшілерін тағайындайды.


7.5. Сынып жетекшісі:

  • өзіне сеніп тапсырылған сынып оқушыларын тәрбиелеуде басқа мұғалімдермен тығыз қарым-қатынаста болады;
  • ата-аналармен және қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен тұрақты байланыс жасайды;
  • мектептің және отбасының тарапынан оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар бірлігіне жетуге көмектеседі;
  • қажет болған жағдайда оқушыларға уақтылы көмек беруді ұйымдастырады;
  • сынып бойынша белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
  • оқушылардың күнделігінің жайын, сабаққа қатысуын, үлгерімін, тәртібін қадағалап отырады.

VIII. Мектеп формасы

8.1. Мектеп формасы бойынша қыздарға қойылатын талаптар: классикалық костюм – сүр түсті костюм матасынан тігілген пиджак, юбка, шалбар. Ақ немесе көгілдір түсті көйлек түріндегі блузка. Жасына лайықты өкшесі биік емес аяқ киім.


8.2. Мектеп формасы бойынша ер балаларға қойылатын талаптар: классикалық костюм – сүр түсті костюм матасынан тігілген пиджак, шалбар. Ақ немесе көгілдір түсті көйлек. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес туфли.

8.3. Ерекше талаптар: шағын мөлшердегі сырға тағуға рұқсат етіледі, басқа әшекейлерді қолдануға тыйым салынады.

IX. Мектеп құжаттамасын жүргізу

9.1. Оқу-жұмыс жоспарын мектеп директоры бекітеді және ол қор директорымен келісіледі.


9.2. Ұстаздардың жарты жылдық және жылдық күнтізбелік жоспарларын мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары бекітеді.

9.3. Оқу сабақтарының кестесі жарты жылдық бойынша құрастырылады және мектеп директоры оны оқу сабақтары басталардан кем дегенде 3 күн бұрын бекітуі қажет. Оқу сабақтарының кестесі мектеп директоры бекіткеннен соң «Сіздің онлайн мектебіңіз» жүйесінде жарияланады.

9.4. Оқушылардың сынып журналдары мен үлгерім табелдерінің өңделуі ғылыми жетекшімен бірге келісіледі.

9.5. Оқушылардың үлгерім табелдерінің бланктері сынып жетекшісіне мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары тарапынан қатаң түрде сыныптағы балалар саны бойынша беріледі. Табель бүлінген жағдайда сынып жетекшісі оны мектеп директоры тапсыруға міндетті, мұның негізінде ұстазға оқушының үлгерім табелінің жаңа бланкісі беріледі.

9.6. Ата-аналар оқушы табелдерінің көшірмелерін сұратқан жағдайда сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне жүгінуі қажет. Оқушылардың үлгерім табелдерінің көшірмелерін тек мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, мектеп директорының рұқсатымен ғана бере алады.

9.7. Барлық ұстаздар мен сынып жетекшілері «Сіздің онлайн мектебіңіз» жүйесінде жұмыс жүргізуге міндетті.

9.8. Ұстаздар электронды форматта мына құжаттарды жүргізуге міндетті: электронды журналдар мен оқушылар үлгерімінің жиынтық тізімдемесін, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің есеп берулері және күнтізбелік жоспарлар.

9.9. Электронды журналмен қоса сынып журналы жүргізіледі. Аталған Ережелердің 3,7 тармағына сәйкес, сенбіге ауыстырылып, жүргізілген оқу сабақтары жөніндегі жазбалар екі журналда да жүргізіледі.

9.10. «Жобалау қызметі» пәні бойынша жазбалар екі журналда да жүргізіледі.

9.11. Өндірістік қажеттілік кезінде, жалпы оқу сағаттарының саны сақталған жағдайда оқу тақырыптарының 1-2 сағатқа ауыстырылып қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда енгізілген өзгертулер жөнінде электронды құжатта белгіленеді.

9.12. Сабақтық жоспарлау мен оқушылар үлгерімінің мониторингі ұстаздың қалауы бойынша электронды форматта немесе қағаз бетінде жүргізілуі мүмкін.

9.13. Үйірмелер мен секциялардағы сабақтар мұғалімнің құрастырған жоспары бойынша жүргізіледі. Үйірмелер мен секциялар толықтырылуының міндетті нормасы бекітілмеген, ол ата-аналардың сұраныстары негізінде реттеледі. Мұғалім 1-2 оқушы келсе де сабақ жүргізуге міндетті. Журналда оқушылардың сабаққа қатысуының есептік жазбасы жүргізілмейді.

9.14. Педагогикалық кеңестің хаттамалары электронды форматта жүргізіліп, қағаз тасымалдаушыда басылып шығарылады. Хаттамаға педагогикалық кеңестің төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, мөр басылады. Оқу жылының соңында хаттамалар тігіліп, тігілген парақтар нөмірленеді және мектеп директорының қолы қойылып, мөр басылады.

9.15. Директор тарапынан өткізілетін өндірістік кеңестер мен жиналыстар циклограммаға сәйкес, хаттамасыз жүргізіледі.

9.16. Ұстаздар мектеп директоры бекіткен, мектепішілік құжаттаманы рәсімдеу жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.