Оқушылар мен ата-аналарға
Мектеп формасына қойылатын талаптар
1. Мектеп формасы бойынша қыздарға қойылатын талаптар: классикалық костюм – сүр түсті костюм матасынан тігілген пиджак, юбка, шалбар. Ақ немесе көгілдір түсті көйлек түріндегі блузка. Жасына лайықты өкшесі биік емес аяқ киім.
2. Мектеп формасы бойынша ер балаларға қойылатын талаптар: классикалық костюм – сүр түсті костюм матасынан тігілген пиджак, шалбар. Ақ немесе көгілдір түсті көйлек. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес туфли.
3. Ерекше талаптар: шағын мөлшердегі сырға тағуға рұқсат етіледі, басқа әшекейлерді қолдануға тыйым салынады.